Университеты 25 қазан күні Алматы қаласындағы "Алматы қонақ үйінде" шетелде білім алу жөнінде «Kazakhstan Education Fair 2019» Халықаралық көрмеcі өтті.
Автор: @

25 қазан күні Алматы қаласындағы "Алматы қонақ үйінде" шетелде білім алу жөнінде «Kazakhstan Education Fair 2019» Халықаралық көрмеcі өтті.

Nova Education компаниясының ұйымдастыруымен өткен көрмеге Білім және ғылым министрлігі қолдау білдіріп отыр.

Жобаның мақсаты – шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы университеттерде білім алу мүмкіндігі туралы кешенді ақпарат ұсыну; ғылым, білім және инновация салаларында әлемдік және қазақстандық білім беру мекемелерімен серіктестік байланыстарды нығайту. Көрмеде бакалавриат, магистратура, докторантура (PhD), шетелдік оқу орындарына түсуге арналған дайындық курстары, біліктілікті арттыру курстары, семинар, тренинг, кадр дайындау және қайта даярлау бағыттары бойынша шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының жаңа оқу бағдарламалары ұсынылды. Халықаралық «Kazakhstan Education Fair 2019» білім көрмесіне Қазақстанмен қатар, АҚШ, Германия, Гонконг, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, Ресей және Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы университеттері қатысады. 40-тан астам жоғарғы оқу орны өз стендтерін ұсынды. Бір айта кетерлігі, шетелде білім алу жөніндегі «Kazakhstan Education Fair 2019» халықаралық көрмесі Nova Education компаниясының қатысуымен осымен қатарынан бесінші жыл ұйымдастырылғалы отыр. Жылдан жылға шетелде білімін жалғастырғысы келген жастар арасында көрмеге деген қызығушылық артып келеді. Білім саласында тоғыз жылдық тәжірибеге ие NOVA Education компаниясы шетелде білім алғысы келетін жастарға қызмет көрсетеді. NOVA Education кәсіби қызмет көрсеткен жылдар аралығында 906 студент компанияның қызметіне жүгінді. Олардың барлығы не оқуын табысты аяқтап елге оралған, не табысты білім алып жатыр. Компания қазіргі таңда шетелде жоғары білім, шетелде тіл курстары, білім курстарын және білім сапарларын ұйымдастыру секілді бағыттарда маманданған. Ерден Шаймардан, NOVA Education компаниясының директоры: - Бұл жобаның қатарынан өтіп жатқанына 5 жыл болды. Шетелдегі серіктес оқу орындарын шақырып, бесінші рет өткізіп отырмыз. Шетелге шығып оқығысы келген оқушыларға бағыт берумен айналысып келеміз. Қандай құжат дайындау керек, қандай емтихан тапсыру керек, соның бәрін қадағалап, жол сілтеп отырамыз. Бала шетелдік оқу орындарына оқуға түсіп жатса, визасын алуға, сол жаққа барып орналасуына көмектесеміз. Біздің басты жұмысымыз, шетелдік және өз еліміздегі жетекші оқу орындарын осында шақырып, талапкерлердің олармен кездесуіне мүмкіндік жасау. Оқушылар мен студенттер өзі түскісі келген университеттің өкілімен сөйлесіп, өзіне қажетті ақпаратты толық ала алады. Бұл жобаны балаға әлемдік деңгейде мүмкіндік беру, таңдау еркін беру деп түсінуге болады. Бұнда балалармен қатар ата-аналарды да шақырамыз. Баласымен бірге таңдау жасайды. Биыл 60-тай жоғары оқу орындары келіп отыр. Канада, Америка, Англия, Гонкокг, Франция сынды алыс-жақын шетелдерден келген университеттерден бөлек, өз елімізден де бірнеше оқу орны қатысып отыр. Бұл жұмыстардың бәрі Білім және ғылым министрлігінің рұқсатымен және қолдауымен жүзеге асып отыр. Біздің жобаның арқасында жылына 70-80 оқушы шетел асып оқиды. Көбі Шығыс Еуропаға барады. Ресей асатындар да көп. Гонконг және Корея оқу орындарына да сұраныс бар. Ал АҚШ, Канада сынды алыс шетелдерге баратындар аз, ол жақтың оқу ақысы да жоғары болғаны үшін шығар. Соңғы кездері Швейцария елінің университтері ұснып отырған туризм, қонақүй бизнесін басқару сынды мамандықтарға сұраныс артып келеді. Әділжан, City University of Hong Kong студенті: - Нұр-Сұлтан қаласы Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің түлегімін. Қазір Гонконгта оқып жатырмын. Бірінші курсқа биыл бардым. Тілден еш қиындық жоқ, қытай тілін үйренуге міндеттемейді. Сабақтар ағылшын тілінде жүріп жатыр. Шетелде оқысам деген арманыма осы көрменің көмегі тиді. Елордада NOVA Education ұйымдастырған көрмеге қатысып, осы компанияның көмегімен оқуға түстік. Бизнес-экономика мамандығы бойынша оқып жатырмын. Алғаш барғанда сәл қиналған едім. Бірақ бір-екі апта көлемінде үйреніп кеттім. Гонконгта тұрмыс Қытайдан гөрі Еуропаға бейім. Тамағына да, тұрмысына да бейімделу оңай. Алғаш оқуға түскен кезде сол жақтағы еліміздің бас консулымен кездестік. Гонконгта 200-ден астам қазақстандық студент оқиды екен. Олардың көбі бизнес саласында, IT саласында білім алып жатыр. Мен оқып жатқан университетте 34 қазақ білім алуда. Бәріміз грантта оқимыз, шәкіратқы аламыз. Бұл үлкен мүмкіндік деп санаймын. Бұндайды көп отандасымыз білмейді. Сол үшін де шетелге оқуға түсудің жолын таппай жүреді. Сол үшін осындай көрмелердің маңызы зор деп есептеймін.

Связаться с нами проще простого!

Нажимая кнопку Вы даете согласие на обработку персональных данных.